«Нур-Асыл-Ай»бөбекжай – балабақшасы»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Жетісай ауданының «Нур-Асыл-Ай»бөбекжай – балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы) | ҚР, 160503, Түркістан облысы, Жетісай ауданы,Асықата кенті, Тойжанов көшесі № 20 үй. |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон 87077097886 электронды поштасы nur-asil-ai_bb@mail.ru https://nurasylai.bb-edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | Кысабекова Айнур Матжановна «Нур-Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2019жылғы 03 қаңтардағы № 03-ж/қ бұйрықпен тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 15.12.2014 жылы берілген. БИН 141240013871 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта 2023 жылғы 01 қаңтардағы№ KZ25RVK00045821 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 2015жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік үлгіде |
| 9 | Топтар саны | 4топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер:I ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ойын түрінде шектеусіз күн тәртібімен | Кіші жас топ Аралас топ Ортаңғы топ Ересек топ |
| 14 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 90 балаға арналған. 02.07.2015 жылы 100 балаға №17-Р1-4-4-122 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада салынған, заман талабына сай салынған. Балабақша 90 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. 2 топ 25 балаға лайықталған, 2 топ 20 балаға лайықталған.Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. төрт топ жұмыс жасайды. «Аққу» кіші жас тобы «Жауқазын»аралас жас тобы, «Болашақ» ортаңғы тобы, «Бәйтерек» ересек тобы. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, мед кабинет, асхана жұмыс жасайды.Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қайың, емен т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек қоршаулармен бөлініп, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші кабинеті;
— Әдістемелік кабинет;
— Теледидар – 2 дана;
— Компьютер – 2 дана;
— Ноутбук — 2 дана;
Түсті принтер-1 дана
Түссіз принтер-2дана
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», кітаптар сөресі, «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша дамытушы орталықтар жасақталған.
